Елікті атқан облыс тұрғыны жарты миллион теңге айыппұл төледі
Тұрғын елікті сенбі күні Ұлан ауданында жүріп атқан.
Сұғанақ аңшыны Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы жедел әрекет ету тобының қызметкерлері құрықтаған.
Браконьерге 250 айлық есептік көрсеткіш төңірегінде айыппұл салынған. Яғни, қасақы аңшы 567 250 теңге сомасында айыппұл төлеген.