Көмір бағасы қымбаттады ма?
Монополияға қарсы орган облыста көмір бағасы қымбаттайын болса, тексеру жұмыстарын бастауға дайын екендігін айтады
Мамандар елдің кейбір өңірлерінде неліктен көмірдің жетіспей жатқандығын анықтауға тырысуда. Әзірші облыста көмірдің қоры жеткілікті. Дегенмен, обылс тұрғындарды көмірдің қымбаттап кеткендігін айтады.
- Тамыз айының соңында ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан тұрғындардың көмір бағасының қымбаттағанына наразы екендігі жайында хабарлама келіп түскен. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева. - Қазіргі уақытта бұл мәліметтер тексеріліп жатыр.
Тексерудің басты мақсаты – көмір сатушы кәсіпкерлердің бір-бірімен жасырын келісіп, көмір бағасын әдейі көтеріп отырғанын не отырмағанын анықтау.
Егер кәсіпкерлердің заңнаманы бұзғаны дәлелденетін болса, онда үлкен айыппұл төлейтін болады дейді Табиғи монополияларды реттеу департаменті.
Следующая →