ШҚО кәсіпкерлері жетім балаларға көмек көрсете алады
«Мейірім» бағдарламасы негізінде жәрдемге мұқтаж балаларға үй алып беруге қаржылай көмек көрсетілмек.
Бұдан бірнеше жыл бұрын ШҚО әкімінің бастамасымен жетім балаларға қолдау білдіру мақсатында «Мейірім» бағдарламасын құрылған болатын. Бұл бағдарлама негізінде жетім балаларға қол ұшын бергісі келген жандар Тұрғын үй жинақ банкіндегі есепшотқа қаржы құю арқылы оған демеушілік көрсете алатын.
Биылғы жылы да Тұрғын үй жинақ банкі аталған жобаның жалғасын тапқанын айтып, кәсіпкерлерді қол ұшын беруге шақырып отыр. Мәселен, банк қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларына «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Тимур Қайновтың есепшотына аударған. 18 жастағы келесі жылы оқуын аяқтап, интернеттағы оқуын тәмамдайды.
- Мен балалар үйінен шыққан соң өмірім не болады деп уайымдамаймын. Өйткені маған қолдау білдіретін мейірімді жандардың көп екендігін білемін. Пәтер сатып алуыма көмектескен жандардың барлығына алғыс білдіремін, - дейді Тимур сезімімен бөлісіп.
Қаланың көптеген кәсіпкерлері балалар үйіне барып, барынша көмек көрсетуге тырысады. Ойыншықтар, киім-кешек сынды қажетті дүниелерді сатып әкеледі.
- Біз мұндай игі істердің тек есеп үшін ғана жүргізілгенін қаламаймыз, - дейді ШҚО Тұрғын ұй құрылыс банкі филиалының директоры Нұрлан Күзембаев. - Біз кәсіпкерлерден жетім балаларға үй сатып алуға көмектессе дейміз.