Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО зейнеткері өзін қырғыстан құтқармақ болып бар қаражатынан айырылды

Зырян тұрғыны жалған балгердің қармағына ілініп, 500 мың теңгесінен және алтын әшекейлерінен айрылды

Бұл ауданда мұндай жағдай бір жылда екінші рет орын алып тұр. Алаяқтар өздерін сыған ретінде таныстырып, зейнеткерлердің ақшаларын жымқырып кетеді.

Қарт зейнеткер жалған құмалақшыны қалалық саябақта кездестірген. Ол зейнерткерге қарғыс тағылғанын, одан уақытында арылу керектігіне сендірген. Дерттен емделу үшін әйел құмалақшыға бар қаражаты мен құнды дүниелерін әкелу тиісті-мыс. Үйіндегі барлық қайғы мен кесапаттың салдары болып табылғандықтан, құмалақшы байлықтың көзін жойып "қарғысты қайтарады".

- Алаяқтар зейнеткерді гипнозға түсіріп, есінен айырған, - дейді Зырян АІБ штабының басшысы Әсел Сүлейменова. - Әйел үйіндегі бар қаражатты, әшекей дүниелерді жинап өз еркімен берген. Олар кешке кездесуге келіскен. Бірақ алаяқ келмеген. Осыдан кейін алданған зейнеткер арыз жазған.

АІІБ алаяқтың былтырғы жылдан бері табылмай келе жатқанын айтады. 2016 жылы тағы бір зейнеткер жалған сығанға 300 мың теңгені беріп қойған.

Следующая →