ШҚО-да жалған ақпарат таратқан мүгедек жан сотқа тартылды
Семейде тұрғын үй құлады деп әлеуметтік желіде видео таратқан 33 жастағы ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Мамыр айында Семейдің 33 жастағы тұрғыны WhatsApp желісі арқылы қалада тұрғын үй апатқа ұшырады деп видео таратып, жалған ақпарат берген еді. Кейін бұл видеоның 2012 жылы Ресейдің Астрахань қаласында түсірілген бейнетаспа екендігі анықталды. Ер адам бұл мәліметтің жалған екендігін біле тұра, бейнетүсірілімді You tube желісіндегі каналға жүктей отырып, қызық көріп оны туған-туыстары мен достарына таратқан. Кейін бұл бейнеролик «Жедел! Төтенше жағдай! Семей қаласы. 14.23 кезінде тұрғын үй құлады» деген атаумен бүкіл елге тарап кетті.
Жалған ақпарат таратқаны үшін Семей тұрғыны екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам өз кінәсін мойындаған. Сот екінші топтағы мүгедек жанның бұрын сотты болмағынын ескере отырып осындай жеңілдетілген жаза түрін қолданған көрінеді.