Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Он екі балықшы суға кетіп қайтыс болған

Биылдың өзінде 52 адам суға кетіп қайтыс болса, оның ішінде он екісі – балықшы.

Облыста барлығы екі мыңнан астам өзен-көл мен су қоймалары бар. Ертіс өзені, Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінде және Семейдегі жасанды жағажайда адам өлімі жиі орын алатын көрінеді.

Суға батқандардың ішінде балықшылар да көп. Былтыр алты балықшы суға кетіп мерт болса, биыл олардың саны он екіге жетіп отыр. 8 балықшы құтқарылған.

- Мерт болған он екі балықшының он бірінде қайық болған. Алайда қайықтың техникалық сипаты нашар әлі құтқару дөңгелектері қойылмаған. Ішімдік ішіп балық аулаған «кәсіп иелері» де бар, - дейді Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы Анатолий Рожков.

Балықшылар арасындағы заңсыздықтарды анықтау үшін биыл 222 тексеріс жүргізілген. 105 балықшыға хаттама толтырылып, 869 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. ҚР Әкімшілік Кодекстің 583-бабы бойынша кемемен жүзу, жүк тасу қағидаларын бұзғаны үшін бір айлық есептік көрсеткіштен бес айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады әрі кемені жүргізу құқығынан айырылады. 

Следующая →