Түзету мекемесіндегі тұтқындардың 4/3 бөлігі жұмыс істейді
ШҚО прокуратурасы тұтқындардың жұмысқа орналасуына барынша ниетті болып отыр.
Мәселен, облыста орналасқан ОВ-156/2 түзету мекемесіндегі сотталған жеті мүгедек себет тоқу мен кәдесыйларды жасау сынды жұмыстармен айналысады.
- Облыс көлемінде жұмыс жасауға қабілетті 3200 тұтқынның 2400-і жұмыс істейді, - дейді облыстық прокуратура баспасөз қызметі. - Тапқан табысын отбасына береді не зардап шегушінің шығындарын өтейді.
Ал 13 тұтқын бос отырмай, түзету мекемесі жанында өз кәсібін ашқан екен. Олар жаһаз, құрылыс материалдарын, кәдесыйларды жасайды, ағаш өңдеумен айналысады. Одан бөлек, 54 сотталған азамат да мекеме ішінде кәсіп ашқан.