Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Елена Гунько
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жасырын түрде медициналық қалдықтар өртелген

Ауаға таралған қалдықтардың мөлшері нормадан 100 есеге асып кеткен.

Арматура зауыты ауданының тұрғындары экология департаментіне хабарласып, белгісіз біреулердің «Газель» көлігімен қалдық заттарды тасып, оны өртеп жатқанын, ауаға беймәлім өткір иістің тарап кеткендігін айтқан.

Оқиға орнына келген соң, инспектор жанып жатқан медициналық қалдықтарды көрген: шприц, ине, қан құю ыдыстары. Сараптама жасауға алынған ауаның құрамынан формальдегид, сероводород, фенол, хлор, хлорводород сынды концентраттардың мөлшері әдеттегі нормадан артық екендігін байқаған.

Ал хлорводородтың шамасы 100 есеге артып кеткен.

- Медициналық қалдықтарды өртеген кәсіпорынға 5 млн 325 мың теңге айыппұл салынды, - дейді ШҚО экология департаменті бас мемлекеттік инспектор міндетін атқарушы Ермек Барқышев.  

Кәсіпорынға қатысты Қылмыстық Кодекстің 332 бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда. 



Следующая →