Өскемен басшылығы аулаларға ұқыпты болуды сұрайды
Облыс орталығында «Менің аулам» бағдарламасы басталады. Бұл бағдарлама аясында тұрғын үйлер арасындағы аулалар қысқа мерзімде гүлдене түспек
Өскеменде «Менің аулам» бағдарламасына қосылған тұрғындардың аулалары бірінше кезекте жөнделіп, абаттандырылады. Өз аулаларын ақысыз жалға алғандардың көлік тұрақтары кеңейтіліп, жаттығу құрылғысы орнатылады және жұмсақ қаптамалы балалар алаңы ашылады.
Өскемен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бағдарламаға қосылу жолдарын түсіндіріп берді. Тұрғындар жиналыс құрып, үй бойынша аға уәкілеттіні тағайындауы керек. Ол әкімдікке арыз беріп, қоныстандыру жобасы мен мемлекеттік акті алады, ауланы базаға тіркейді. Осылайша ол «Менің аулам» бағдарламасының тізіміне еніп, биліктің басты назарына алынады. Сонымен қатар жалға алынған ауладапәтер иегерлерінің кооперативі (ПИК) қызмет көрсетуге тиісті. Аулана ақысыз жалға аласыз, ал мемлекеттік акті 12000 теңге, қоныстандыру жобасы барлық дерлік аулаларда бар.
Тұрғындарға «ояныңдар» дейміз. Себебі өзімізден басқа ешкім бұл өмірді жақсарта алмайды. Бағдарламаға қосылып өз аулаларыңда иелік етіңдер деген түсінік білдіреміз, - дейді қалалық тұрғын-үй инспекциясының басшысы Фархат Жілібаев. - Қала билігі аулаларды жақсартуға дайын. Бұл тұрғыда тұрғындар да ниет білдірулері керек. Өздері тұрып жатқан аулаларға кімнің иелік ететінін білдірулері қажет
Айта кету керек, қаламыздың 946 ауласының 130-ы ғана тұрғындардың 5 жылдық жалдауында – әкімдік оларға оларды қолдануға және қызмет етуіне рұқсат береді.
Аулаларды ПИК қызметі қарайды – олар санитарлы тазалыққа, нысандардың техникалық жағдайына жауап береді. Қалған аулалардың иелері жоқ. Барлық аулаларға арналып рәсімделген жалдау уақыты 2001 жылы аяқталған. Содан бері оның жағдайына бол ешкімнен жауап алу мүмкін емес.
Следующая →