ШҚО-да бензин тапшылығы басталды
Өскемен, Семей, Зырян қалаларында бензин тапшылығы орын алуда.
Шығыс Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтерілді. Бұған елде бензиннің жетіспеушілігі себеп болып отыр. Кейбір жанармай құю орындары бензинді талонмен сатып жатыр.
Қыркүйек айында бензин бағасы осымен екінші рет көтеріліп отыр. Бұған дейін литрі 147 теңгеге сатылған АИ-92 бензині 150 теңгеге, АИ-95 маркалы бензин 164 теңге дейін қымбаттаған болатын. Қазір АИ-92 бензині 152 теңгеден сатылуда.
Ал облыс тұрғындары бензиннің тапшылығы оның қымбаттауына әкеледі деп отыр. Жанармай құю бекеттерінің көпшілігінде бензин жоқ. Ал жанармайы бар бекеттерді баға қымбат.