Тірідей өртеніп кетті
Қайғылы оқиға Катонқарағай ауданында орын алып, өрттен 36 адамды құтқарылды
Жексенбі күні таңертең Катонқарағай ауылындағы үш қабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Қуанышқа орай, сол үйде өрт сөндіру қызметінің маманы тұрып жатқан. Ол әріптестері жеткенше бір подъездегі тұрғындарды жылдам сыртқа шығарып үлгерген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдегі тұрғындарды шығарып, өртті ауыздықтады.
- Өртті байқаған бойда өрт сөндіру қызметін шақыртып, өрт ошағына аттандым, - дейді азаматтық қорғаныстың аға лейтенанты, № 37 ӨБ басшысының орынбасары Дарын Сапарқанов. - Мен өрт шыққан пәтерде қарт, мүгедек әйел тұратынын білдім. Сондықтан да есікті бұзып кірдім. Алайда үлгермедім. Кірген уақытта жанып жатқан қоқыс үйіндісі мен жанып кеткен әйел денесін көрдім.
Өрт шыққан үйдің 36 тұрғыны далаға шығарылса, олардың сегізі – балалар. Өрт сөндіру қызметі жалынның басқа пәтерлерге жайлуына жол бермеді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өрттың шығуы бойынша екі нұсқа қарастырылуда: өртке немқұрайлы қарау немесе электрқұрылғыларын пайдалану, жөндеу барысында өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау. Оқиғаға кінәлілер мен келген шығын анықталуда.
Тақырыптар:
Пожары в ВКО