Зырян тұрғындарына жылу берілді
Қазақстанның ең суық нүктесі болғанына қарамастан, қала тұрғындары жылудың қыркүйекте қосылғанын бұрын соңды көрмеген
Жексенбі күндері барлық қалалық ауруханалар, балабақшаларға жылу берілді. Ал мектептер мен көпқабатты үйлерде дүйсенбі күні қосылды.
Өткен демалыс күндері ауа райы температурасы күрт төмендеп, пәтерлерге дейін салқындап кеткен. Төтенше жиналыс барысында жылу беру керектігі туралы шешім қабылданды. Алғашқы болып әлеуметтік нысандар жылынды.
- Жексенбі күні түске дейін ауруханаларды, кейін балабақшалар мен қалалық мектептердің біріне жылу қосып үлгердік, - дейді Зырян қаласының әкімі Константин Передельский, - Дүйсенбі күні түске дейін барлық қалалық мектептер, интернаттар, жергілікті тұрғындарға жылу қосылды.
Жұмыс барысында біраз қиындықтар туындаған. 500-ден астам үй жылу қабылдауға дайындық туралы актісін өткізбеген. Сондықтан жылу беру кезеңіне дайын адамдарға ғана жылу қосылды.
- Барлық мәселелеі үйлермен жұмыс істедік, - дейді әкім. - Бірақ акті өткізілмейінше жылу берілмейді.
Дүйсенбі күні ғана 300-ден астам үйге жылу қосылды. Апта соңына дейін акті 100 пайызға өтсе бүкіл қала жылумен қамтылады.
Следующая →