ШҚО тұрғыны Ресейге кетіп, қайтып оралмаған
Уварово ауылының тұрғыны Артур Лаць көрші елге қыркүйектің басында кеткен. Содан бері онымен байланыс үзілген
Іс-түссіз жоғалып кеткен тұрғынның әйелі Елена Лаць сөзіне сүйенсек, оның жұбайы Ресейде барлығы бір күн болып, қайта оралуы тиіс болатын.
- Ол 7 қыркүйек күні Рубцовскке өзінің танысымен кеткен болатын. Ол бірге кеткен адамды мен танымаймын, - дейді Елена Лаць. - Ал келесі күні қайтып келуі керек болатын. Тіпті, 8 қыркүйек күні хабарласып, жолға шығып бара жатқандығын хабарлады. Содан кейін ол хабарсыз кетті. Не телефон хабарына жауап бермейді, не WattsApp желісіне де шықпайды.
Елены Лацьтың айтуынша, ол полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда, Артур Лаць әзірге табылмаған. Артур Лацьтың үстінде қою көк түсті спорттық киім және спорттық аяқ киім болған. Оның орналасқан жері немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз 8-707-297-08-28 (із-түссіз кеткен азаматтың жары) немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызға болады.