Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Арнайы жиһаз дайындауға қауқарлы ма?

ШҚО төңірегінде 30-дан астам жиһаз шығаратын кәсіпорындар жұмыс істеуде. 2016 жылмен салыстырғанда бұл кәсіпорындар 2,5 миллиард теңгеге өнім өндірген

Ағымдағы жылы 1,1 миллиард теңгелік өнім шығарған. Жуықта отандық жиһаз өндірушілердің көрмесі өтіп, жергілікті кәсіпорындардың тауар өндіру әлеуеті жетік таныстырылды. Жалпы көрме аясында өңірлік мектептерді арнайы жиһазбен қамту мүмкіндігі басты негізде болды.

Спорт сарайында өткен көрмеге Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының кәсіпорындары қатысты.

- Мұндай көрмелер жергілікті кәсіпкерлерге қолдау береді, - дейді өңір басшысы Даниал Ахметов. - Өңірде түрлі жиһаздар дайындалады, бірақ өзіміздің мектептердің бірде-бірінен сол өнімдер байқалмайды. Ағымдағы жылы 700 орындық мектеп ашылады және бұл жалғыз жаңа мектеп емес. Кәсіпкерлер мектепке арналған жиһаздар дайындауға қауқарымыз жеткен соң, денсаулық сақтау мекемелерін де қамти аламыз. Осы орайда біз жиһаздардың сапасына жоғары мән беруіміз керек.

Көрме аясында өңір басшысы жергілікті кәсіпкерлер дайындаған мектеп жиһаздарымен танысып шықты. Олардың балаларға деген қауіпсіздігі, сапасы, төзімділігі ескерілді. Сонымен қатар, барынша қарқынды жұмыс істейтін кәсіпкерлердің Орман қорынан арнайы учаскелер алатыны айтылды. Осылайша өңірлік бизнесмендер тек қаржылай емес, шикізат тұрғысынан қолдауға ие болады.

Следующая →