Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жер үсті өткеліне қатысты дау қайдан шықты?

Шығыс Қазақстан облысының орталығындағы Спорт сарайы маңайында жер үсті өткелінің құрылысы басталып кетті

Дегенмен, құрылыс жұмыстары басталмай жатып-ақ қала тұрғындарын бұл әрекетке қарсы шақыра бастағандар табылды. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы құрылыс жұмыстары басталған «Статус» дүкенінің маңында петиция жинауға шақырушылар бұл шараларды қала үшін қажетсіз деп танитын көрінеді.

- Барлықтарыңызды бұл жөнсіз құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылық білдіруге шақырамын. Жер үсті өткелі көліктердің қозғалысына еш пайдасын тигізбейді. Себебі Тәуелсіздік және Абай даңғылдарындағы бағдаршамдар орнында қалады, - дейді Роман есімді қала тұрғыны.

Белгісіз тұрғын ары қарай бұл көпірдің қажетсіздігі мен қандай мәселелер тудыратыны туралы өз мысалдарын келтіреді. Атап айтқанда, өткелге лифтімен үшінші қабатпен тең биіктікке көтерілу қажет, ал жиі қолданыстан соң бұл лифт істен шығатын болады. Сонымен қатар, бұл өткел қаланың сәнін құртады-мыс. Ал жұмыстан кейін шаршаған адамдар мен қарттарға баспалдақпен көтерілу қиындық тудырады. Белгісіз тұлға бұл өткелдің экологиялық мәселе тудыратынын да алға тартады.

Бұл орайда қала әкімдігінің бастамасымен жоспардан тыс баспасөз конференциясы өтті. Конференцияға жобаны іске асырушы мердігер компания өкілі, қала әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев, ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы өкілі және қала экологтары қатысып, көтерілген сұрақтар бойынша жауап берді.

- Бұл өткел қала жоспарындағы жалғыз жоба емес, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев. – Түрлі сәулет пен дизайн нұсқалары бар. Сәтпаев даңғылы бойында әлемге танымал спорт кешендері, ашылғанына бір ай болмаған Назарбаев зияткерлік мектебі, облыстық Драма театры, сауда орталықтары орналасқан. Бұл өңірге де жер үсті өткелдерін орнату көзделген. Бірақ бюджеттік шамаға қарай алғашқы жоба Спорт сарайынан басталды.

2011 жылы «ПИ Сибакадемпроект» ЖШС қала әкімдігімен меморандумға қол қойған. Меморандум аясында 6 жер өткелінің жобасы дайындалған болатын.

- Бірінші өткелді бұрынғы «Дюймовочка» дүкені маңында, екіншісін 45-ші дәріхана, «Император» СК, «Даниель» СҮ, жаңа мешіт және университет төңірегінде орнату көзделген, - деді компания директоры Юрий Собельфельд. – Қаржыландыру ашық жүрмегендіктен жоба алты жылға тоқтап қалды. Ағымдағы жылы облыс әкімі бұл жобаларды қарай отырып, біріншісін бастауды жөн көрді. Екіншісін «Император» СК, үшіншісін мешіт алдында, төртіншісін НЗМ төңірегінде, бесіншісін «Фрешмаркет» сауда кешенінде және алтыншысын спорт кешенінде орнату жоспарланған. Мұның барлығы келесі жылы орындалмақ.

Инженерлердің айтуынша, «Даниель» маңайына жерасты өткелін орнатуға да келмейді. Мұндағы су және жылу желілері кедергі болып, құрылысты тым ұзақ мерзімге созып жібереді. Сол сияқты жерасты өткеліне сорғылар керек болады. Үлбі жағасында мұндай өткелден суды сорғызып үлгеру қиын. Тіпті, 45-дәріхана аймағындағы жерасты өткелінде 10 ай қатарынан сорғылар жұмыс істейді.

- Жер үсті өткелінде мүгедектерге арналған лифт жұмыс істейтін болады, - дейді мердігер компанияның бас инженері Олег Гармаш. – Сол сияқты баспалдақтар болады. Эскалатор орнату үшін оның орны жылумен қамтамасыз етілуі керек, сол сияқты оның алатын орны ауқымды. Мұнда сағатына 2100 адам өтетін болады. Максималды тұрғыда 4000 адам өтеді.

Аялдама құрылыс жұмыстары барысында Үлбі көпіріне қарай жылжитын болады. Бұл өзгеріс биыл жүзеге асады. Сол сияқты бұл құрылыс нысаны экологиялық мәселелер де тудырмайды. Эколог мамандар «көліктің жылдамдығын түсірмеуге ықпал ететін кез келген жағдай экологиялық мәселені керісінше жақсарта түспек» деген пікірде.

Следующая →