Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Бензин неліктен қымбаттады?

Облыста соңғы екі аптада жанармай бағасы күрт өсіп кетті. АИ-92 маркалы жанармай бағасы 150 теңгеге дейін саудаланып жатыр

Осыдан бір апта бұрын ҚР Энергетика министрлігі жанармай бағасының қымбаттауына отандық мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге берілуі себеп деп пікір білдірген болатын.

- Елде екі мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Оның бірі - Атырау қаласында, екіншісі - Павлодар қаласында. Зауыттарға жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Соған орай, Атырау мұнай өңдеу зауыты 18 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарын жүргізсе, 20 қыркүйектен бастап 25 қазанға дейін Павлодар зауыты ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жөндеу кезінде зауыттар ешқандай жанармай өнімдерін шығармайды. Ал оның орнын толтыру үшін біз Ресей Федерациясынан жанармай сатып алуға мәжбүрміз, - деді ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өндірісін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов.

Айта кету керек, АИ-80 жанармай маркасына ғана мемлекеттік бақылау жүргізіледі, ал қалған бензин маркаларына ешқандай бақылау орнатылмаған.

- «Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрыққа 2016 жылы 29 шілдеде ҚР Энергетика министрлігі өзгеріс енгізген болатын. Бұл өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік реттеу тек АИ-80 бензиніне ғана жүргізіледі. Оның шекті бағасы 89 теңгегн тнң, - дейді ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Мүсәпірбеков.

Яғни, облыста тек АИ-80 бензині ғана жеңілдетілген бағада сатылады, өзге маркалы жанармай түрлерінің бағасын бекет басшылары өздері белгілейді.

Кәсіпкерлік басқармасы да энергетика министрлігі берген түсініктемені алға тартып, облыстың жанармай нарығы Ресейге тәуелді екендігін жеткізді.

- Ресейден келетін АИ-92 маркалы бензині нарықтың 30 пайызын құрайды. Ал дизельді отынның 15 пайызы Ресейден келеді, - дейді басқарма басшысы.

Дегенмен, басқарма басшысы бағадағы мұндай ауытқулар тек уақытша ғана құбылыс деп отыр.

- Зауыттардың уақытша тоқтауына байланысты баға көтеріліп отыр. Бұл - маусымдық құбылыс, - дейді Мақсат Мүсәпірбеков.

Яғни, отандық зауыттар өз жұмысын толықтай бастаған соң, бензин бағасы қайта өз «сабасына түспек». Бұл, шамамен, қазан айының аяғына сәйкес келеді. 

Следующая →