Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да жасанды сүйектер жасалмақ

Облыста бірегей технология негізінде тантал металынан медицинаға қажетті жасанды сүйектер мен тістер жасалмақ. Бұл зиянсыз, табиғи таза өнім болмақ

Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің ғалымдары Үлбі металлургиялық зауытымен бірлесе отырып, тантал металынан адам ағзасына қажетті имплантат сүйектер жасап шығаруды көздеп отыр. Қазіргі таңда әлемде имплантат өнімдерге деген сұраныс артып отырғандықтан әрі тантал мен титан балқымалары Өскеменде ғана өндірілетіндіктен, ғалымдар мен зауыт басшылары бұл артықшылықты пайдаланып қалуға тырысуда.

Одан бөлек, университет ғалымдары әлемде жасанды сүйектердің 80%-ы титан қоспаларынан жасалатындығын, алайда танталға қарағанда бұл өнімдер адам ағзасына әлдеқайда зиян екендігін айтып отыр.

- Имплантат сүйектер адам ағзасына сіңісіп кетуі керек, адам денсаулығына кері әсер етпеуі тиіс. Алайда қазіргі жасанды имплантат өнімдердің көбі таза титаннан жасалмайды, оған әртүрлі металдарды қосу арқылы өндіреді. Бірақ бұл - адам ағзасына зиян. Титанға никель, кобальт, аллюминий қосылып жасалған имплантат сүйектер қатерлі ісік, Альцгеймер сынды ауруларды тудырады. Жасанды сүйектерді тек титаннан ғана жасаса, ол денсаулыққа зиян емес. Алайда әлемде титанның өзі аз. Ал тантал титанға қарағанда денсаулыққа әлдеқайда пайдалы әрі адам ағзасына табиғи түрде бейімделіп кете алады, - дейді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың техникалық физика және материалтану кафедрасының жетекшісі, физика-математикалық ғылымдардың докторы, профессор Сергей Плотников.

Адам ағзасына танталмен қатар необий де бейім келеді. Сондықтан ғалымдар тантал, титан және необий металдарынан қорытпа ала отырып, оны имплантат жасауға пайдаланбақ. Ал аталған металл қорытпалары Үлбі металлургиялық зауытында дайындалады.

Сонымен қатар, ғалым жасанды сүйектер 3D-принтинг арқылы арнайы лазердің көмегімен жасалатындықтан, мұндай технологиямен жасалатын өнімдердің әлемде жоқ екендігін айтып деп отыр.

- Жасанды тістерге қарағанда, сынған сүйектер мен бас сүйектерді жасау әлдеқайда тиімді. Өйткені жасанды тістер нарықта көп. Ал ортопедиялық өнімдерді шығаратындар санаулы, - дейді ғалым сөз соңында.

Аталған жоба үш жылдан кейін өндіріске енгізілмек.

Қазақстан тұрғындарына жыл сайын 10 мыңнан астам жасанды сүйек қажет болса, ал әлемдік нарықта 27 млн АҚШ долларына тең титан имплантаттары қажет. Ал әлем бойынша титан имплантаттарын жасаумен айналысатын оннан астам кәсіпорын мен оны тасымалдаумен айналысатын төрт компания бар. Ғалымдар титан «сүйектерді» саудаласу саласы жеке дара иемденушілердің меншігіне көшіп кеткен. Сондықтан Еуразиялық одақ елдері арасындағы нарықты бағындыруға болады. 

Следующая →