Өскеменнен 35 отбасы «Отбасы жәдігері» байқауына қатысты
Байқауға қатысқан отбасылардың жетеуі жүлделі орындарға ие болып, салтанатты дастарханға шақырылды
Аталмыш байқау Қазақстанда қыркүйектің екінші демалысында атап өтілетін отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға қатысушы отбасылар өздерінің жанұялары туралы, ата-бабадан келе жатқан отбасылық салт-дәстүрлері бойынша эссе жіберді. Ал жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Отбасы және балалықты қолдау орталығында өтті.
Ал салтанатты дастархан басында жүлдегер отбасылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, отбасы және мемлекет құндылықтары туралы сыр шертісті. Байқау қорытындысы бойынша гран-приді Богатовтар отбасы, ал бірінші орынды – Грушкиндер отбасы, екінші – Картуновтар, үшінші – Жұлдызхановтар отбасы иеленді.
Следующая →