Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемен вокзалының перроны қашан жөнделмек?

Темір жол вокзалы - бұл қаланың қақпасы. Қаланың вокзалы мен әуежайына қарап-ақ оның хал-ахуалын тануға болады

Ал «Өскемен темір жол вокзалының» ғимараты ғана емес, перроны да жөндеуден өтпей отыр.

Өскемен вокзалының перроны аласа әрі қысқа екендігі талайдан бері айтылып жүргенімен, халықтың бұл наразылығы әлі ескеріле қоймады. Облыс орталығында екі бірдей темір жол вокзалы орналасқанымен, жөндеуден өткен Защита вокзалына қарағанда, қаланың дәл ортасында орын тепкен Өскемен темір жол бекетінен қатынайтын жолаушылар көп.

- Алматы қаласында немерем оқуда. Сондықтан бұл қалаға жиі барып тұруға тура келеді. Алайда вокзалдың перроны пойызға отыруға да, түсуге де ыңғайсыз. Әсіресе, қарт адамдар үшін қиын. Жүкті көтеру де, түсіру де оңайға түспейді. Оның үстіне, перронның бойына пойыз вагондары толық сыймайды. Ал перрон аяқталған жерден бастап қиыршық тас төгіліпті. Оның адамдарға қандай көмегі тимек? Қыста перронның жолы қардан тазармайды. Қиыршық тас төгілген аумақты қар басып қалатындықтан, адамдардың жүруіне мүлдем ыңғайсыз, - дейді қала тұрғыны Жеңісбек Мульянов.

Жолаушылар алаңының қашан жөнделетіндігін әрі оған кімнің жауапты екендігін білмек ниетте ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолдаған болатынбыз. Бұл басқарма аталған вокзалдың жеке меншікке, яғни, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «Семей магистарльдық желі бөлімшесі» филиалына қарайтындығын хабарлады. Демек, темір жол құрылысын жөндеу аталған компанияның құзіретіне жатады.

Ал Семей магистральдық желі бөлімшесі болса, вокзал перронына 2018 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін айтады.

- Өскемен қаласындағы вокзал платформасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018 жылдың бюджетіне енгізілген, - деп мәлімдеді «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының вокзал шаруашылығы жөніндегі директордың орынбасары Ерлан Битимиров.

Ал бұған қатысты пікір білдірген Защита вокзалының әкімшілігі де перронның жөнделетіндігін айтып отыр.

- 2010 жылдан бастап орталық филиалға темір жол перронын күрделі жөндеуден өткізу жөнінде өтінімдер жіберіліп, кемшіліктері хабарлануда. Бүгінгі күні перронды күрделі жөндеуден өткізу жұмысы жоспарға қойылған, - дейді Защита вокзалының бастығы Елена Ларионова.

Алайда екі өкілетті ұйым да вокзал перронына қандай деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізетіндігі жайында нақтылап хабарламаған. Өйткені перронға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу алаңды тек аздап қана қалпына келтірумен шектеліп қалмақ.

Платформаның жөнделуіне қатысты облыстық жолаушылар басқармасы да түсініктеме беруге тырысты.

- Вокзал перронына жөндеу жүргізу туралы мәселе көптен бері қозғалып келеді. Тұрғындардан да көптеген өтініштер келіп түсуде. Оның барлығын біз «Қазақстан темір жолы» ҰҚ-ға бағыттап жатырмыз. Өзіміз де бұл платформаны жөндеу жөнінде филиалға хат жолдағанбыз, - дейді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушы көлігі бөлімінің басшысы Жанар Қасенова. - Темір жол компаниясы перронды жөндеуден бас тартып отырған жоқ. Алайда платформаны қайтадан салу үшін қомақты қаражат керек. Қазіргі уақытта компания бөлімшесінде мұндай қаржы болмағандықтан, құрылыс жұмыстарын тез арада бастай алмай отырғанға ұқсайды.

P.S. Қаламыздың көркіне нұқсан келтіріп тұрған бұл нысанды, қалай десек те, жөндеуіміз қажет. Бұл халықтың игілігі үшін атқарылатын жұмыс болмақ. Защита вокзалының жөнделуі тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлағаны белгілі. Сол сынды Өскемен вокзалының перроны да жөнделсе, тұрғындарымыз үшін зор қуаныш болар еді. 

Следующая →