Өскеменде жақын арада жылыту маусымы басталады
Дегенмен тұрғын үйлердің жартысы, кейбір мектептер мен ауруханалар, балабақшалар жылыту маусымына әлі дайын емес
Жылыу маусымына дайындық 15 қыркүйек күні аяқталуы керек болатын. Облыста күн де суыта бастады. Дегенмен, Өскемен жылу жүйелері кәсіпорны жылыту маусымына әлі дайындық жүргізіп жатқанын айтады.
Ауа температурасы +10 градустан төмендеген кезде ғана әкімдік тарапынан жылу беру туралы хабар берілмек.
- 13 қыркүйек күнгі деректерге сүйенсек, 166 тұрғын үйдің барлығы, 15 аурухананың 12-сі жылытуға дайын. Ал мектептер мен балабақшалардың жылыту жүйесінің механикалық беріктігі мен гидравликалық беріктігіне сынақ жүргізілмеген, - дейді кәсіпорынның техникалық директоры Талғат Кайркенов.
Талған Кайркенов 1550 көпқабатты тұрғын үйдің 73 пайызы жылытуға дайын екендігін айтты. Балабақшалардың 84 пайызы жылытуға дайын болса, ауруханалардың жартысы қажетті жұмыстарды әлі атқармаған.