Өскеменде халықаралық қылмыстық топтың ісіне қатысты тергеу әлі жалғасуда
Облыста құмар ойындарымен заңсыз айналысқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Оның үшеуі сотталды.
Шығыс Қазақстанда заңсыз ойын алаңдарын ұйымдастырған бұл қымлыстық топтың құрамында Өскемен прокуратурасының прокуроры және Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы әрекет еткен. Қылмыстық топтың мүшелері Ресейден келіп, аталған тұлғалардың «крышасына» қараған.
Бұл қылмыстық топ екі жыл бойы ойын автоматтарынан табыс табумен айналысқан. Ойын автоматтары Өскемен, Зырян, Шемонаиха қалаларында орналасқан.
Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстық топтан ақша бопсалап, түрлі криминалды әрекеттерді жүзеге асырған.
Екі қызметкер де жеті жыл бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық топтың екі жылдағы табысы 44 млн теңгені құраған.
Следующая →