Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ЖМК ауданын лай басқан

Сатпаев даңғылында коммуналды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, көшенің өн бойы балшық пен лайға толып қалған.

   Жібек маталар комбинаты ауданының тұрғындары Сатпаев пен Өтепов көшелерінің қиылысындағы аумақтың мүлдем жүруге ыңғайсыз екендігін айтып шағымдануда. Әсіресе, таяу маңда №24 орта мектеп орналасқандықтан, бұған қатынайтын оқушылардың жүріп тұруына бұл кедергі келтіріп отыр.
   Жолдың маңайы балшық пен лайға толып кеткен әрі жан-жағы қоршалып қойылған.
   - Балаларды таңертең сабаққа дайындап жібереміз. Таза аяқ киім лезде былғанып, жүруге жарамай қалады. Лайға батқан аумақ та үлкен. Маңайда балабақша да, мектеп те орналасқан. Оған қатынайтын балалар да, ата-аналар да көп. Олардың жүруіне ыңғайлы болу үшін, тым болмаса, тақтай тастап жол жасап қоймады ма?! - дейді Марина Яковлева.
   Ал қалалық ТҮКШ бөлімі тек тұрғын үйдің маңайында ғана жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.
   - Біз тек үйдің маңайында ғана жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ал жолды қалалық құрылыс бөлімі жөндеп жатыр. Дегенмен, біз қолдан келген жағдайдың барлығын жасайтын боламыз, - дейді ведомстваның басшысы Асқар Жақсылықов.
Следующая →