Жанармай орнында жарақат алған Евгений Девятов көз жұмды
Жанармай орнында от тұтанудың кесірінен денесі күйіп қалған 28 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны бүгін ауруханада көз жұмды.
Осыдан бір апта бұрын жарақат алған Евгений Девятовқа қала тұрғындары донорлық жасап, көп көмектескен еді. Жағдайы жақсарып келе жатқан жігіттің денсаулығы аяқастынан нашарлай бастаған.
Жігітке 8 литр қан керек болған. Қан қажетті деңгейде жиналғанымен, жігітті аман-есен алып қалу дәрігерлердің қолынан келмеді. Дәрігерлер ажалмен арпалысса да жігіттің өмірін арашалап қала алмады. Жігіт таңға жақын сағат 03:45 шамасында о дүниеге аттанды.
УСТИНКА LIVE редакциясы Евгения Девятовтың туған-туыстарына көңіл айтады!