Өскеменде автобус жүргізушісі қала тұрғынын қағып кетті
Кеше Новая Согра шағын ауданында 53 жастағы автобус жүргізушісі зейнеткерді қағып кеткен. Қария ауыр жағдайда жатыр.
Оқиға 12.50 уақыт шамасында Егоров көшесінде автобус аялдамасында орын алған.
Автобус жүргізушісі жолда ешқандай кедергінің жоқ екендігін байқаған соң, жылдамдыққа басып, адамды аңғармай қағып кеткен. Зейнеткер №1 Қалалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді.
Адам денсаулығына зиян келтіргендігі үшін жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалуда.
Следующая →