Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Қала күнінде өскемендіктерге пәтер кілттері табысталды

Ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған өскемендіктерге қала әкімі Қуат Тұмабаев сыйлық жасады

Кока Кайсарова 2-топтағы мүгедек ретінде 1990 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Осы уақытқа дейін Овечий ключ кентінде тұратын әпкесінің үйін паналап келді. Кезекте ұзақ тұрған азаматтардың біріне қала әкімі тосын сый жасады. - Өте таң қалдым, бұндай болады деп ешқашан ойламаппын, - дейді қуаныштың жасын ірки алмаған Кока Қайсарова. – Тіпті, өз баспанама қолжеткіземін деген үміттен де айырылған едім. Қуанышымда шек жоқ! Ал Қарлығаш Дүкетбаева тұрғын үй кезегіне 1992 жылы тіркелген. Ол кезде қызы кішкентай болса, бүгінде қызының екі баласы бар. Енді Қарлығаш немерелерімен бірге жаңа қоныс тойын тойлайтын болады. Осы сынды Қала күнінде алты баланың анасы Альмира Сүттібаеваға да қала әкімі жағымды жаңалық жеткізді. Көпбалалы отбасы Аблакетка ауданында апаттық деп танылған жер үйде тұрып келген еді. Тіпті, ас үйінің төбесі құлап кетпес үшін тіреу қойған. Жақында ғана отанасы жағдайын айтып, қала әкімінің қабылдауында болған. Тұрмыс жағдайының нашар екенімен қоса, өзінің денсаулық жағдайын да айта кеткен еді. Қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірі қала басшылығымен келісе отырып, Альмира Сүттібаеваның тісін салып бермек. Ал отбасының үй кезегі әлі келмесе де, олар уақытша екі бөлмелі пәтерге қонысанатын болды.
Следующая →