Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің ең әдемі аруы белгілі болды

Шығыс Қазақстан облысының орталығында «Өскемен аруы-2017» өңірлік байқауының финалы өз мәресіне жетті

Өскемендегі Металлругтер мәдениет үйінде 17-і мен 23 жас аралығындағы он үміткер «Өскемен аруы-2017» атағы үшін өзара сынға түсті. Жеңімпаз Аяужан Бақтыбаева сутаспен әшекейленген, алтын жалатылған тәжді иеленді. Сондай-ақ, өзінің туған қаласын «Қазақстан аруы-2017» ұлттық байқауында таныстыруға мүмукіндік алды.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Шілде айында ашық кастинг жарияланып, іріктеу кезеңінен кейін қазылар алқасы үздік 10 аруды таңдап алған. Осы үміткерлер «Өскемен аруы-2017» өңірлік байқауының финалына дайындықты жалғастырды. Тамыз айында финалист қыздар хореография, сөйлеу мәдениеті, актерлық және сахналық шеберлік бойынша үш апталық дайындықтан өтті.

Барлық үміткерлердің үш тілді жетік меңгергендіктерін атап өтпеске болмас. Конкурсқа қатысу шарттарының бірі - қазақ тілі мен орыс тілінен басқа тұманды Альбион тұрғындарының тілі – ағылшын тілін жетік білу болатын.

- Бізде іріктеу қатал түрде жүргізілді. Себебі жеңімпаз біздің қаланы республикалық, тіптен, «Әлем аруы-2017» байқауында да таныстыруы мүмкін, - деді сұлулық байқауының директоры Ядвига Волкова-Киселева.

Сонымен қатар, осы жылы байқауды ұйымдастырушы Fashionhouse «Magicstyle» мен демеушілер жеңімпаз тәжіне жомарттанған. Атап айтқанда, олар жеңімпаз тәжін Корей елінен тапсырыспен алдыртқан.

«Өскемен аруы-2017» байқауының қорытындысы бойынша, бірінші вице-мисс болып Дамира Орынбаева, екінші вице-мисс болып - Ксения Сизикова таңдалды.

Аяужан Бақтыбаева байқаудың жеңімпазы әрі «Өскемен аруы-2017» атағының иегері болды. Аяужан Бақтыбаева ағымдағы жылы қарашада өтетін республикалық «Қазақстан аруы-2017» байқауында облыс орталығын таныстырады.

Үздік үштікке кірмей қалған үміткерлерді байқау демеушілері өз компания аттарынан сыйлықтармен марапаттады.

Следующая →