ШҚО полиция бөлімдерінде әйнектен 9 жауап алу кабинеттері ашылды
Құқыққорғаушылардың айтуынша, бұл күдіктілерді азаптау фактілерін қысқартады
- Тергеу мен жауап алу барысында азаптау туралы арыздың көбі қалаларда тіркелетіндіктен, алғашқы тоғыз кабинет сол жерлерден ашылды. Ол Өскемен, Семей, Зырян және Риддер қалалары, - дейді ШҚО прокуратурасының бірінші басқармасы басшысы Айдос Оспанов. - Қазір мәселенің оң шешімі табылып келеді. Құқыққорғаушылар тарапынан азаптау қолданылды деген арыз саны азайып келеді. Жуықта ШҚО ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөлімшелеріне әйнек кабинеттеріне ауыстыруды көздеп отырмыз.
Айдос Оспанов айтып өткендей, былтырғы жылы 98 аталған арыз түскен. Биылғы жылы мұндай 28 шағым түскен.
Следующая →