Семейде қолы қанаған жас жігіт мектепке кіріп келіп балаларды шошытты
Оқиға бүгін түскі 12 сағат шамасында Семейдің №9 орта мектебінде орын алған.
Мұғалімдердің айтуынша, жас жігіт қолына қан жағып алып балалардың киімін былғап, дәптерлері мен кітаптарына жаққан.
- Балалар қатты шошып кетті, - дейді ата-аналар. - Кезекші вахтер орнында отырғанымен, әйел адам балаға не істей алады?
Алдын ала деректерге қарағанда, жігіт мектеп оқушысынан үйдің кілтін тартып алмақ болған. Ал маңайда жүрген жұмысшылар әлімжеттік жасап жатқан жігітпен төбелісіп, қарсылық көрсетпек болған. Төбелестен жеңіліп, жұмысшылардан қашқан жігіт мектептің ішіне кіріп кеткен.
- Бізге бүгін сағат 12.00-де полиция бөлімшесіне белгісіз бір жігіттің кілтті тартып алғаны жайында хабар келіп түсті. Полицейлер оқиға орнын тез арада жетіп, жігітті ұстап алды, - дейді Семей ІІБ-ның басшысы Елубек Оспанов.
Балаларға ешқандай қауіп төнген жоқ. Жігіттің балаларды не үшін қорқытқаны белгісіз, анықталу үстінде.
Ал ата-аналар болса, әйел вахтедің орнына ер адамды жұмысқа алу жөнінде ұсыныс айтып отыр.
Следующая →

Тақырыптар:
ЧП в Семее