Ұлан ауданында балықтардың жаппай қырылу себебі белгілі болды
ШҚО прокуратурасы Ұлан ауданы Мамай батыр ауылында болған балықтардың қырылуына коммуналды қызмет өкілдері кінәлі деп отыр
Бұдан бір апта бұрын ауыл маңындағы көлдің бойында өлген балықтарды бейнетаспаға түсірген тұрғынның видеосы жарияланған болатын.
Әлеуметтік желі қолданушылары балықтардың неден қырылуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеумен болды. Көбі судың уланғандығы жайында айтып жатты.
Құқық қорғау органы тексеріс жұмыстарын бастап, өзінің алдын ала жасаған қорытынды болжамын ұсынды. Ведомства су қоймасына жергілікті коммуналды қызметтің қалдық тастағанын айтып отыр. Табиғатқа келген шығынның мөлшері 2 млн теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта шабақтардың өмірін аман алып қалу мақсатында Табиғат ресустарын қорғау басқармасымен бірге құтқыру жұмыстары жүргізілуде.
Следующая →