Үйлену тойы кезінде қанды оқиға жасаған ер адам сотталды
Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы үйлену тойы кезінде танысына пышақпен дене жарақатын түсірген бұзақыға қатысты сот үкімін заңды күшінде қалдырды
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы хабарлағандай, оқиға Күршім ауданы тұрғындарымен өткізген тойханалардың бірінде болған салтанатты кеште орын алған. 33 жастағы қонақтар С және К ер азаматтар арасында жанжал туындаған. Араларындағы мәселені шешу үшін тойхана артына барып, сөзден кейін жұдырықтасуға көшкен. Нәтижесінде К қолына пышақ алып, С кеуде тұсына бірнеше рет сермеп, дене жарақатын түсірген. Жәбірленуші С ауыр жарақатар алған. Оған 29 жастағы танысы М көмекке келіп жеткен. Сол сәтте, суық қару ұстаған К, оған да шабуыл жасап, іш тұсына жеңіл түрде бірнеше жарақат келтірген.
Кейін шабуылдаушы ұсталған. Оған қатысты сот процесі Күршім аудандық №2 сотында өткізілген. Мемлекеттік айыптаушы сот отырысында сотталушыны ауыр және жеңіл дене жарақаттар келтіргені үшін, сондай-ақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраған. Сот, айыптау тарабының уәждерімен келісіп, К ер азаматын 4 жыл бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Облыстық сотының апелляциялық сот алқасы сот үкімін күшінде қалдырып, сотталушының кінәсіздігі жөнінде жазған шағымын қанағаттандырусыз қалдырған.
Следующая →