Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс өңірінде қанша қарттар үйі бар?

Республикалық статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, елде 94 қарттар үйі бар екен. Онда 19 мыңға жуық адам тұрып жатыр

Республикадағы қарттар үйінің көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Қазіргі уақытта облыста 15 қарттар мен мүгедектер үйі бар. Онда 2500-дей адам тұрып, тіршілік кешіп жатыр. Ал екінші орында Қарағанды мен Қостанай облыстары орналасқан. Қарағандыда да, Қостанайда да 10 қарттар мен мүгедектер үйі бар. Ал Ақтөбе облысында екі ғана қарттар үйі бар екен.

- Облыс аумағында барлығы 15 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтары жұмыс жасайды. Оның ішінде 8 орталық жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған. Бүгінгі таңда 1019 адам тұрып жатыр. Төрт орталық жүйке жүйесі ауыратын мүгедек жандарға арналған. Онда 1425 мүгедек жанға қызмет көрсетілуде. Ал үш орталық мүгедек жандарға арналған. Мұнда 302 балаға қызмет көрсетіледі, - дейді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асхат Садиров.

Облыс төңірегінде соңғы төрт жыл бойы жаңадан қарттар үйі ашылмаған. Аталған басқарма облыста қарттар үйіне келетін адамдардың саны аздап азайып келе жатқанын алға тартады.

- 2015 жылдан бастап жаңадан ашылған орталықтар болған жоқ. Соңғы жылдары қарттар үйіне орналасатын жандардың саны азаюда, - дейді Асхат Әсетұлы.

Статистикалық мәліметтерге мән берсек, 2003 жылы қарттар мен мүгедектер үйіне 4679 адам орналастырылған болса, 2014 жылға дейін олардың саны 2639 адамға, 2016 жылы 2560-қа дейін азайған. Яғни, аталған уақытта қарттардың да саны екі есеге төмендеген.

Дегенмен, Шығыс өңірі өзге облыстармен салыстырғанда, қарттар үйін мекендеген қариялар саны жағынан көш басында тұр. Екінші орынға Қарағанды облысы жайғасқан. Бұл облыста 2307 адам қарттар үйіне орналастырылған.

- 2016 жылы облыста орналасқан қарттар мен мүгедектер үйіне мемлекеттік қазынадан 3,6 млрд теңге, ал 2017 жылы 3,7 млрд теңге бөлінді, - дейді Асхат Садиров.

Следующая →