Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жаңа Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

2013 жылдың маусым айында салынып басталған химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің филиалы Ата заңымыз Конституция күнінде есігін айқара ашты. Жоба бойынша бұл мектепте 720 бала білім нәрімен сусынданады деп көзделген

- Жаңа білім ордасында 120 орындық интернат орналасқан, - дейді сыртқы байланыс бойынша мектеп директорының орынбасары Анар Ахмет. - Биылғы оқу жылында бұл мектепте 645 бала білім алады деген болжам бар. Бұл мектептің ерекшелігі - 7-12 сынып арасындағы оқушыларды қабылдайтындығында.

Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл кезеңде 1506 оқушы ғылыми жұмыс бойынша олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған. Оның ішінде 595 бала халықаралық, 253 бала республикалық байқауларда бақ сынап, биік белестерді бағындырған. Бұл мектепте білім алған әрбір алтыншы бала «Алтын белгі» иегері, әрбір төртінші түлек Назарбаев университетінің студенті атанған. 33 түлек шетел университеттерінде білім алуда.

Салтанатты шара барысында жаңа білім ордасының құрылысын жүргізген «Bi Group» компаниясының өкілі Арман Ахметов мектеп директоры Гүлфарида Раисоваға символикалық алтын кілтті табыс етті.

Мектептің ашылуынан соң өңір басшысы биология және химия зертханаларын, акт залын, техникалық модельдеу және робот техникасы, мектеп интернатын көріп, жұмыс сапасына оң бағасын берді.

Следующая →