Өскемен билігі оқушыларға 11 миллион теңгеден астам қаражат бөлді
Қалалық бюджет қаражатының көмегімен аз қамтылған отбасы, асыранды балалар, үздік оқушылар, түрлі байқаулар жеңімпаздары ЭКСПО көрмесіне баратын болды
Екі жарым мыңға жуық Өскемен оқушылары Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде болып қайтты
Қалалық педагогикалық жұмысшылардың тамыз кеңесінде оқушылардың көрмеге баруына 11 млн 733 мың теңге бөлінгені туралы хабарланды
Сонымен қатар тегін жолдама көмегімен қала сыртындағы балалар лагерінде төрт жүзден астам оқушы жазғы демалыста болып қайтты
- Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалғандарға 255 жолдама алынды, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Қыстаубекова. - Қала мектептерінің оқушылары екінші жыл қатарынан тілдік лагерлерге барды. Ағымдағы жылы тағы да демалысқа шығып, ағылшын, қазақ тілдерін үйренді. Қаланың 42 мектебінің жанында мектептік лагерлер жұмыс істеп, 1718 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалғандар, көпбалалы отбасыдан шыққандар демалуға мүмкіндік алды.
Айта кету керек, қала сыртындағы және өзге де лагерлерде облыс орталығынан – 11 804 бала демалды.
Следующая →
Тақырыптар:
Благотворительность в Усть-Каменогорске ЭКСПО-2017 в Казахстане Отдел образования Усть-Каменогорска