Сограда шөп жанып кетті
Өрт сөндірушілер Согра ауданындағы далада азаматтардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауы салдарынан тұтанған өртті сөндіріп жатыр
Согра шағын ауданындағы Охотская көшесінде шөп тұтанған. Жалынды байқаған тұрғындар р сөндіру қызметін шақыртқан.
- Өрт аумағы үлкен емес – 500 шаршы метр, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лскова. - Жағдай бақылауға алынды, өрттің тұрғын үйлерге тарау қаупі жоқ. Оқиға орнында жеке құрамның сегіз маманы мен екі техника жұмыс істеуде.
Өрттің шығуына адамдардың өрт қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп.
Следующая →