Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

ШҚО Жарма аудандық Мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

Жиынға аудан активтері, ақсақалдар, құрметті азаматтар, жастар және Қалбатау ауылының тұрғындары қатысты.

Салтанатты марштың сүйемелдеуімен №47007 әскери бөлімінің қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға алып келді. Бұдан соң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова құттықтау сөз сөйледі:

- 1995 жылғы 30 тамыз күні қабылданған Ата Заңымыз ең жоғарғы құндылық - адам мен оның өмірі және құқығы мен бостандығын екендігін айшықтай отырып даму жолының негізін қалады, - деп атап өтті.

Аталған шарада әр саладағы азаматтарға өз істерінің шеберлігі үшін «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табысталды. Мерекелік шараға жиылған қонақтар аудандық «Ауылым - алтын бесігім» атты көркемөнерпаздар байқауының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Следующая →