Өскемен коммуналды қызметіне неміс маманы келіп, дәріс беруде
Германиядан келген маман қаладағы ТҮКШ жұмыстарының жақсаруына үлесін тигізеді деп күтілуде
Қала әкімі Қуат Тұмабаев маусым айында неміс маманы Гюнтер Нойммен кездесіп, халықаралық серіктестік бойынша қала шаруашылығын жүргіздің қыр-сырын үйретуге дәріс өткізуін өтінген болатын.
Екі ай өткеннен кейін Өскеменге коммуналды шаруашылық пен қала құрылысы жөніндегі тағы бір неміс маманы Эрвин Флейшер облысымызға келді.
- Қазіргі уақытта қаланың шаруашылық жүргізудегі мәселелердің себебін қарастырудамын. Зерттеп болғаннан кейін, мәселені шешудің жолдарын ұсынатын боламыз, - дейді Эрвин Флейшер.
Неміс мамандары «Өскемен-Тәртіп» коммуналды кәсіпорынның қызметкерлерімен жұмыс жасайтын болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Коммунальные службы Усть-Каменогорска Куат Тумабаев Эрвин Флейшер Коммунальное предприятие "Өскемен-Тәртіп"