Өскемен шенеуніктері жұмысқа велосипедпен келмек
Өскемен қаласы әкімдігінің алдында велосипед қоятын, пандус орнатылған, үсті жабық орын пайда болды
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі велосипед тұрағында әзірше велосипедтің жоқ екендігін, алайда алдағы уақытта оның болатындығын айтады.
- Қуат Тұмабаев салауатты өмір салтын ұстанады. Таңертең велосипед тебеді. Әзірше әкімдік алдындағы велотұрақ бос тұр. Дегенмен, алдағы уақытта біз оны велосипедпен толтыратын боламыз, - дейді әкімдік баспасөзінде.
Әкімдіктің хабарлауынша, мұндай бастама шенеуніктерге үлгі болмақ. Кейбірі көлігін велосипедке де айырбастауы мүмкін.
Айта кетейік, қала әкімімен қатар облыс әкімі Даниал Ахметов та велоспортпен айналысады әрі спорт шебері.