ШҚО-да өзеннен ұялы телефонын алып шықпақ болған азамат суға батып кетті
Оқыс оқиға өткен жұма күні Бесқарағай ауданында Долонь ауылы маңында орын алған
Куәгерлер құтқарушыларға айтқандай, сол күні пороммен өтіп бара жатқан азамат өзенге ұялы телефонын құлатып алып, оны алып шықпақ болып иірімге қарай сүңги кеткен.
- Куәгерлердің айтуынша 53 жасар азамат пароммен Ертістен өтіп бара жатқан. Кенет абайсызда телефонын суға түсіріп алған ол өзеннен телефонын алып шығуға талпынған. Бірақ суға өзі құлап кетіп, қайта шыға алмай қалған, - дейді ШҚО-ның бас құтқарушысы Анатолий Рожков.
Марқұмның мәйітін сүңгуірлер судан алып шыққан.
Следующая →
Тақырыптар:
Утопленник в ВКО