Өскемен тұрғындары сасық иістің қайдан шыққанын білмей дал
Қаланың Стрелка аумағында орын алған жағымсыз иіске қатысты өкілетті органдар шара қолдана алмай отыр
Қаладағы жағымсыз қолаңсаның өткір иісі, әсіресе, Стрелка ауданындағы тұрғындардың мазасын қашырып отыр. Ал «Өскемен Суканалы» кәсіпорны аймақта ешқандай апаттың орын алмағандығын айтады. Кәсіпорын жауын-шашын жаумай тұрғанын, егер сел жауатын болса, онда қалдықтың сумен жерге сіңіп кететіндігін де тілге тиек етіп отыр.
Кәсіпорын аудандағы мәселеден хабардар, сондықтан биыл «Ерлитос» ЖШС-мен қалдықты жою бойынша қызметтік келісімшартқа отырған.
- Ауданда орналасқан қоқыс қалдығы арнайы техникамен тасымалдануда, - дейді кәсіпорынның бас инженері Андрей Алехнович. - Қалдық орнына топырақ төгіліп, ағаш отырғызылады.
Кәсіпорын жаз уақытында температураның жоғарылауына байланысты жағымсыз иістің де күшейетіндігін жасырмайды. Алайда тек қалдық құрамында денсаулыққа зиян заттардың мқлшері ғана сынақтамаға алынып отырады.
Облыстық Казгидромет филиалы кешенді лабораторияның тексеріс жұмыстары мұндай мәселелермен шұғылданбайтығын жеткізді. Ал ШҚО бойынша экология департаменті мұндай тексерісті тек 25 шілде күні ғана жүргізген.
- Протозанов-Қайсенов көшелерінде атмосфералық ауа қалдықтарын тексеру барысында азот диоксидінің санитарлық нормадан 1,2-1,3 есеге артық екендігін анықтады. Ал қалған заттардың нормасы тұрақты, - дейді «Казгидромет» РМК-ның ШҚО бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Ләззат Болатхан.
Дегенмен, қала тұрғындары ауаның неліктен сасық екендігін білмей дал. Кәсіпорындар болса, ауа қалдықтарының тұрақты екендігін айтады.
Следующая →