Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей мешітінің құрылысы 9 жыл жалғасып келеді

Құрылыс нысанына Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшілігі қызығушылық тудырып, қаржыландырмақ болған

Семей қаласында барлығы 11 мешіт орналасқан. Олардың бірінде тоғыз жыл қатарынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді.

- Көпір сияқты, бұл мешіт те қаламыздың көрікті нысанына айналады деген едік, - дейді қала тұрғыны Әлия Тұманбаева. - Жаңа мешіттің құрылысы 2008 жылы ұлым дүниеге келгенде басталған. Балам жуықта үшінші сыныпқа барады, құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңінен әлі жылжымай тұр.

Анықталғандай, діни мекемені тұрғызуға бастамашы болған «Возродение «Семей» қорына тиесілі. Ұйым төрағасы Нұрлан Жүнісов электр желісін, жылумен қамтамасыз ету, сумен қамту және канализация жүйелерінің құрылысы 100 пайызға аяқталғанын айтады.

- Құрылыс жұмыстары барлығы 40 пайызға аяқталған, - дейді Нұрлан Жүнісов. - Қазір аяқтауға қаражат жоқ. Қордың барлық есепшоты үш жыл қатарынан жабық тұр. Қаражат демеушілердің көмегімен жиналған болатын. Жергілікті биліктен бірнеше рет көмек сұрадық. 2013 жылы көмек көрсетуге Семейден шыққан Астаналық жастар келіп құрылысты аяқтауға уәде берген. Қазір олардан еш хабар жоқ.

Нұрлан Жүнісовтың айтуынша, былтырғы жылы Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігінен адамдар келіп, демеушілік қаржы бөлмек болған.

- Біз барлық құжаттарды ұсындық, әлі жауап жоқ, - дейді қор өкілі.

Қала басшылары да нысан құрылысын қайта жандандыру керектігін айтады. Себебі діни мерекелерді өткізу барысында қаланың орталығындағы мешіттерде орын жетпей жатады. Алайда бұл мәселені шешуге еш қауқарсыз.

- Қала әкімдігі мен мемлекеттік органдар құрылысты жалғастыруға еш қаражат бөле алмайды. Себебі ҚР «Діни істер мен діни бірлестіктер» туралы Заңның 3 бабы 1 тармағы бойынша мемлекет дін мен діни бірлестіктерден жеке болып табылады. Осыған орай мемлекет діни бірлестіктердің ісіне араласпайды, - дейді Семей әкімдігі.

Қаладағы мешіттің құрылысы қашан, кіммен аяқталатыны әлі белгісіз. Егер қаржы бөлінбесе, нысан ұзаққа созылған онжылдық құрылыстың қатарына кіреді.

Следующая →