Зырян өрт сөндірушілер баланы құтқарып қалды
Алты жасар бала пәтерде жалғыз қалған. Ал ата-анасы жұмысқа кеткен
Бірінші қабатта орналасқан пәтердің терезесіне шығып бала тұрғындардан көмек сұраған. Ал үйдің ішінен қалың өрттің түтіні шығып жатқан. Пәтердің терезесінде торкөз болғандықтан бала сыртқа қарай шыға алмаған.
Қаланың №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері пәтердің есігін бұзып кіріп, баланы құтқарып алған.
- Бала түтінге шамалы тұншығып қалған. Дәрігерлер баланы тексеріп болған соң, үйіне қайтарды. Бала кілемнің үстінде отырып, өз ойыншығына от қойған. Өрт содан басталған, - дейді №3 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ержан Омырбаев.
Айта кетейік, баланың бұзықтығы кесірінен облыста биыл жиырмадан астам өрт болған.