ШҚО кәсіпкерлеріне «адам ДНҚ-сы» қосылған шұжық туралы ескерту жасалды
ҚО Қоғамдық денсаулық комитеті хабарлағандай адам «жасушасы» ресейлік шұжық өнімінен табылған
Редакцияға Риддер қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Кәсіпкерлер ассоциациясына жазылған хаты келіп түскен. Хатта: «Қоғамдық денсаулық күзеті комитетінің 10.08.2017 жылғы хатына негізделе отырып «Мортодель» атауы бар РФ, Мәскеу облысы, пушкин ауданы, Нагарное ауылы тағамдық азық-түлік өндіретін кәсіпкерлерге адам ДНҚ-сы табылғаны туралы хабарлансын» деп жазылған.
ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мұндай ресейлік өнім маркасы бар шұжық өнімігің өңірден анықталмағанын хабарлайды.
- Біз базарларды тексеріп, мұндай шұжықтың жоқ екенін анықтады, - дейді департамент қызметкерлері, - Алдын алу мақсатында бақылауды күшейтіп, облыстағы кәсіпкерлерді ескерттік. Егер мұндай өнім пайда болса бізге хабарланады.
Следующая →
Тақырыптар:
Предпринимательство в ВКО Колбаса со следами ДНК человека Комитет общественного здоровья РК