ШҚО-да 19 кәсіпкерге жағармайды әдейі қымбатқа сатты деп айып тағылды
Табиғи монополияларды қадағалау комитеті 19 кәсіпкерді өзара ауыз жаласты деп күдік келтіруде
ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияны қадағалау, бәсекелестік пен тұтушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағармай сатумен айналысатын 19 ұйымды бір-бірімен келісу арқылы жалған баға қойды деп күдіктейді. Кәсіпкерлер сөз байласу арқылы жанар-жағармайдың бағасын әдейі көтермелеп қоюуы мүмкін.
- 2016 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейінгі кезең және 2017 жылдың қаңтар-ақпан айлары үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мұнай өнімдерін (АИ-92/93, 95, ДТ маркалы бензин) бөлшек саудада өткізу тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша Департаментпен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу бағаларын жоғарылату бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бөлігіндегі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері қарастырылды, - делінген ведомстваның ресми сайтында.
Тексеріс жұмыстары аяқталып қалды. Енді тергеу амалдары басталмақ. Ал кәсіпкерлердің заңсыз әрекеті дәлелденетін болса, олар 58 млн теңге шамасында айыппұл төлеуі қажет болады.
Следующая →