Өскемен
Қалың бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +5°
  • Риддер
    +5°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +7°
  • Түркістан
    +15°
  • Орал
    +5°
  • Шымкент
    +10°
$
482.53
555.44
¥
69.83
5.92
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыстың 9 ауруханасына заманауи құрал-жабдықтар сатып алынбақ

Медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған тендер байқауы осыдан төрт күн бұрын жарияланған

Семей мен Өскемен қаласында Ана мен бала орталығына, Өскемендегі №1 қалалық ауруханаға, Семейдегі перинатальды орталыққа, Ұлан, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое ауданында орналасқан аудандық ауруханаларға медициналық құрал-жабдықтар сатып алынбақ. Аталған аурухананың дәрігерлері өздеріне қажетті техникалардың тізімін жасап, басқарма мақұлдауына берген. - Тендер 18 тамыз күні жарияланды. 230 лот бойынша. Өтініштер 11 және 12 қыркүйек күндері қаралып, он күннің ішінде жеңімпаз ұйымдарға хабарлама жіберіледі. Ал 2-3 қазан күндері келісімшартқа қол қойылады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов. Ал облыстық онкологиялық аурухананың бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина ауруханалардағы медициналық жабдықтардың 70 пайызы ескі екендігін бір жыл жүргізген зерттеу анықтап бергенін айтады. - Компьютерлік томограф істен шыққан. Енді жаңадан келетін жабдық қатерлі ісікті ерте анықтауға көмектеседі. Жаңадан УЗИ-аппарат, химия-терапияға арналған арнайы кереуеттер мен орындықтар, ота жасауға арналған блок әкелінбек, - дейді Гүлмира Сағидуллина. Ендігі кезекте жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтардың жағдайын қоғам белсенділері мен тілшілерден құралған жұмыс тобы қадағаламақ.
Следующая →