Семей тұрғыны ұялы телефонының ұрланғаны туралы қауесет шығарды
Ұялы телефонын сатып жіберген 40 жасар қала тұрғыны туысқандарына өтірік айтып, ұрлап кеткені туралы айтқан
Анықталғандай, семейлік тұрғын түнде Докучаев көшесінде белгісіз біреулер күш қолданып 110 мың теңгелік телефонын тартып алды деп полицияға шағымданған.
- Тергеу барысында полиция қызметкерлері ешқандай тонау фактісі орын алмағанын анықтаған, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Ол ұялы телефонын сатып жіберіп, туыстары біліп қоймасын деп, полицияға тонау туралы арыз берген.
Әдейі өтірік мәлімет таратқан ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Следующая →
Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО