Өскеменде мас адам өзінің досын пышақтап тастады
Қылмысын жасыруға тырысқан күдікті суық қаруын әжетханаға тастап жіберген.
Оқиға Ябленова көшесіне қарасты «Ертіс құрылыс» қоғамдық ұйымының аумағында болған. Ауыр жарақат алған ер адамды жан сақтау бөліміне жеткізілген.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің бірі жаралы азаматтан «Мұны кім істеді?» деп сұрап үлгерген. Ал өлім аузында жатқан ер адам болса, өзіне жақсы таныс адамның жасағанын айтып, есінен танып қалған.
Араққа сылқия тойып, ақ жарқын әңгіме бастаған достардың арасында кикілжің орын алған. Алайда досының пышақ ала жүгіретінін ол білемесе керек. Ал досы болса, қылмыстың бетін жабу үшін пышақты әжетханаға тастап үлгерген.
- Адам денсаулығына қатер төндіргені жөнінде сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, оған қатысы деректер жинастырылуда, - делінген ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Следующая →