Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ұрлық жасағаны үшін айыпталған адам қашып кетті

Осыған дейін мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған Павел Миллер Риддер қаласындағы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан 5 тамыз күні қашып кетті

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органдары біреудің мүлкін ұрлады деген күдікпен 23 жасар Павел Миллерді іздестіруде.

Қазіргі уақытта аталмыш тұлғаны ұстау үшін іздестіру шаралары жүріп жатыр, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Сол сияқты қашу фактісі бойынша қызметтік тергеу амалдары жүргізілуде.

Риддер тұрғыны төртінші тамыз күні ұрлық жасағаны үшін ұсталған болатын. Ненің ұрланғанын және қандай жағдайлар орын алғаны туралы құқыққорғау органдары айтпай отыр. Павел Миллер туралы бағыттама Шығыс Қазақстанның барлық ішкі істер бөлімдеріне жіберілді.

Ер адамның белгілері: бойы 180-185 сантиметр, дене пішіні арық. Қара футболка, қара шорты және көк тәпішке киген.

Іздестіріліп жүрген адам туралы ақпаратты: 8-72336-4-54-30, 8-72336-4-48-11, 8-72336-4-16-11, 102, 8-777-906-52-59 нөмірлері бойынша хабарлай аласыздар.

Риддерлік ІІБ ақпараты бойынша, Павел Миллердің жүрген жерін хабарлағандарға марапат пен анонимділік кепіл етіледі.

 

Следующая →