Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жөндеуі бітпеген жолда жүргізушілер шыр көбелек айналады

Облыс орталығындағы бірнеше жолда тас жол бұрғыланған күйінде қалып қойған. Жөндеу жұмыстары жарты жолда қалғандықтан жүргізушілер наразылық білдіруде

- Екі ай бұрын Защита-Гавань айналмалы тас жолының жолын ойқыштап тастады. Содан бері ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ. 80 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көлік шұңқырға түспеу үшін шыр көбелек айналады. Мұндай жылдамдықта шұңқырмен жүру түбінде ЖКО-ға себепші болады, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Борис Вялков.

Аяқсыз қалған жұмыстың мәнін қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов түсіндірді.

- Ағымдағы жылы Өскеменде жол қабатының 20 учаскесі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстың 70 пайызы атқарылды, - дейді коммуналды мекеме басшысы. - Әуезов даңғылынан Даңқ мемориалына дейін Славский атындағы жағалау, Понтон көпірінен Ахмер ауылына дейінгі Тоғас, Сәтпаев даңғылы қайта жөндеу жұмыстарынан өтеді. Қазіргі уақытта битум тасымалына байланысты мәселелер туындап тұр. Павлодар мұнайөңдеу зауытынан тасымал үзілді-кесілді жүреді. Қазір келісімшартпен бірге қаражатын төлеп тастаған тас жол зауыттары битумды ала алмай отыр.

Мәселенің қашан шешілетінін Асқар Жақсылықов нақтылай алмады.

Следующая →