Орнитолог маман қалада көгершіндердің өлу себебін түсіндірді
Тұрғындар қаланың әр жерінен өлі көгершіндерді жиі кездестіреді, бірақ бұның себебін түсінбей дал болуда
- Міне осымен бірнеше рет жолымда көгершіндердің өліп жатқанын байқаймын. Тас жол қанға боялған. Оларды кім қырып жүр екен? Обал емес пе?! - дейді қала тұрғыны Мария Кашина.
Ал құстарды зерттеумен айналысатын мамандар бұның барлығына адамдар кінәлі деп отыр.
- Егер көгершіндер қансырап жатқан болся, яғни, біреу қасақана ұрған, - дейді орнитолог маман Борис Щербаков. - Балалар зақпы жасап, құстарды атады. Егер жыртқыш көгершінді ауласа, жемтігін алып кетер еді. Ал мысық жеп қояды. Өлген немесе жаралы құстар көрсеңіздер, ол адамның әрекеті.
Маманның айтуынша облысты мекен ететін 300-ге жуық құс түрінің жартысы сиреп немесе жоғалуға айналған. Көп жағдайда адам баласы кінәлі болып табылады.