Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өндірісте мүгедек болғандар жұмысшылардан қолдау көрмейді

Облыстық прокуратура хабарлағандай, кәсіпорын директорлары өз жұмысшыларына әлеуметтік сауықтыру қаражатын төлеу керектігін «ұмытып», мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын бұзған

Облыстық прокуратура өткен және ағымдағы жыл бойынша мүгедектер құқығына сараптама жасап, көптеген кемшіліктер анықтаған.

- Өндірістік орында мүгедекке айналған әрбір екінші адам жұмыс берушіден көмек алмайды, - дейді ШҚО прокуратурасының үшінші басқарма жетекшісі Рустам Шідердинов. - Сол сияқты тексеру барысында міндетін орындамаған мемлекеттік органдар туралы алты факті анықталды. Олар сауықтыру төлемінің қажеттілігі туралы ескертпеген және қадағаламаған.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту туралы жоғары көрсеткіш айтып келген органдардың қателігі жалғыз бұл емес. Жұмысқа орналасқан мүгедектер есепте көрсетілген сандардан төрт есеге аз болып шыққан.

Мұнымен қоса уәкілетті органдар мүгедектердің жұмыс әрекетін, олардың жағдайларын мүлдем бақыламаған. Сол сияқты жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құрумен айналыспаған. Сондықтан облыстық прокуратура бұл әрекеттердің барлығын қадағалайтын жұмыс тобын құруды ұсынды.

Следующая →